» » «Қауіпсіз жол» айлығы жалғасуда

«Қауіпсіз жол» айлығы жалғасуда


«Қауіпсіз жол» айлығы аясында Қызылорда гарнизонында
жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол оқиғасына қатысты әкімшілік құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында жиын өтті.

Жиынға Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесі мен Қызылорда қаласы полиция департаментінің өкілдері қатысты. Жеке құрамға көлікпен жол жүру ережелері мен жол-көлік оқиғаларына қатысты сақтық шаралары айтылды. Сонымен қатар, 2021 жылға арналған талаптармен әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің баптары, апаттың адам өміріне тигізетін салдарлары туралы түсіндірілді.
Жиынның негізгі мақсаты – автокөлік жүргізудегі мәдениеттілікті арттыру, әскери қызметшілерде жол-көлік оқиғаларын болдырмау жолдарын қарастыру болып табылады.

- Әскери қызметшілермен айлықтан тыс жылдық кешенді жоспардың негізінде әскери техника және автокөлікпен жол жүру ережелері бойынша теориялық, іс-тәжірибелік сабақтар өткізіліп тұрады. Алдын алу шаралары әскери қызметшілердің қауіпсіздік ережелерін сақтауға, өз өмірі мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға септігін тигізеді. Осындай айлық іс-шаралары жеке құрамның қауіпсіздігі жолында оң нәтижелерін беруде, - дейді Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің аға маманы ефрейтор Жасұлан Іскендіров.

Мұхит Қонаров,
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
сержант  
26 сәуір 2021 ж. 163 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 773

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930