» » Қызылорда облысында сақтандырылмаған азаматтардың саны өсуде

Қызылорда облысында сақтандырылмаған азаматтардың саны өсуде

Қызылорда облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жүйесінде сақтандырылмаған 142 мыңға жуық азамат бар. Егер 2021 жылдың басында сақтандырылмағандар саны 138 788 құраса, ал 01 сәуірдегі мәлімет бойынша бұл санаттағы азаматтар 141 986-ға дейін көбейген (3 198 адамға өсті).

Сақтандырылмағандардың басым бөлігі облыс орталығының, Қазалы ауданының және Байқоңыр қаласының тұрғындары. Негізінде біріңғай жиынтық төлем төлеушілері мен әр түрлі мекемеде жұмыс жасайтын жалдамалы жұмысшылар. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалының директорының міндетін атқарушы Жұпар Алхожаева айтты.

 «Қызылорда облысының 800 мың тұрғынындардың 654 мыңнан астам сақтандыру мәртебесіне ие болған. Бұл аймақ халқының жалпы санының 82,2% құрайды. Осы көрсеткіш бойынша аймақ соңғы орындарда», – деді Жұпар Алхожаева.

Қор филиалының басшылығы МӘМС жүйесінің бірқатар өзекті мәселелеріне баса назар аударылды: облысымыздағы жоғарғы және орта-арнайы оқу орындарының студенттерін Ғылыми-білім беру деректер базасына (НОБД-Научно-образовательная база данных) толық енгізуін қамтамасыз ету және шетелде оқитын студенттер үшін Электронды үкімет порталы арқылы  тіркелу үшін мемлекеттік қызмет түрін пайдалану; кәсіпкерлік субъектілерге МӘМС жарналарының төлеу міндеттілігі туралы жазбаша ескерту. Оның ішінде табысын 0 деп көрсететін кәсіпкерлерге қатысты түсіндірме жұмыстарын дұрыс және толық өткізіп отыратын аймақтық кірістер департаментінің құзыретіндегі мәселе деп санай отырып, оларға жұмыс берушілер мен жұмысшыларға МӘМС жарналары мен төлемдерін уақытылы төлеу және жұмысшылардың еңбек демалысына немесе науқастануына байланысты еңбекке жарамсыздық парағына шыққан уақыттарында жарналарды дұрыс есептеу мәселелері бойынша мекеме басшыларымен, есеп бөлімінің қызметкерлерімен тиісті жұмыстар жүргізуді.
Сонымен қатар, Қор филиалы директорының міндетін атқарушының айтуынша, өңірдің 7 мыңнан астам тұрғыны емханаларға тіркелмеген. Бұдан басқа, медицина қызметкерлерінің біліктілік деңгейі нашар. Мәселен, өңірдегі медицина қызметкерлерінің «Құпия пациент»бағдарламасы бойынша МӘМС жүйесі туралы білім деңгейі орташадан сәл жоғары, 65% – ды құрайды.
Облысымызда әр бір медицина ұйымдарында «бестіктер» құрылып, яғни бес маман бекітіліп, осы мамандар МӘМС жайлы 100% біле отырып, өздері каскад әдісімен ары қарай мекеменің барлық қызметкерлерін тұрақты оқыту үстінде.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры халықпен кері байланыс жүйесін жолға қойған.

«Қор  тарапынан пайда болған 1406 call орталығы мен «Qoldau – 24/7»  мобилді қосымшасы арқылы облыс бойынша 2020 жылы 169 шағым түссе, жыл басынан бері 45 арыз-шағым түсті. Басым бөлігі №1 емхана, №3 емхана, Шиелі ауданаралық ауруханасының жұмысына қатысты. Азаматтардың барлық өтініштері уақытында қанағаттандырылып шешілді», – деді Жұпар Алхожаева.

МӘМС жүйесіндегі ең тиімді көмекшілердің бірі «Qoldau – 24/7» мобильді қосымшасы. Осы бірегей платформаның көмегімен тұрғындар уақытша сақтандыру мәртебесін (азаматтардың 15 жеңілдік санаты үшін) ала алады, өздерінің сақтандыру мәртебесін тексере алады, МӘМС – ғы төлемдер мөлшерін біле алады, медициналық қызметтердің сапасын бағалайды, коронавирус, COVID-19 қарсы вакцинация, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен МӘМС пакеттері туралы өзекті сұрақтарға жауап таба алады.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту мақсатында Қор филиалы жергілікті әкімшіліктің, медицина саласының, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік саланың қызметкерлерін, жергілікті учаскелік полиция қызметкерін, жергілікті белсенділер мен сыйлы азаматтарды тарта отырып, «МӘМС жүйесіне тарту» жұмысшы тобын құру туралы бастама көтерді.
03 маусым 2021 ж. 129 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 773

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930