» » Қазақстанда мектеп директорлары 3 жыл сайын ауыстырылады – министр жаңа ережемен таныстырды

Қазақстанда мектеп директорлары 3 жыл сайын ауыстырылады – министр жаңа ережемен таныстырды

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов республикадағы мектеп директорларының ротациясы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

«Қазір бұл ұсынысқа қатысты пікірталас болып жатыр.  Бұл бір күнде 7500 мектептің директоры жұмыс орнын ауыстырады деген сөз емес.  Оған қоса, Павлодар облысынан Қарағандыға, Түркістан облысына ауыстырады деген түсінік қалыптаспауы керек. Олай болмайды», – деді Аймағамбетов.

Халықаралық тәжірибе зерделенді, шешім барлық оң және теріс жақтарын ескере отырып қабылданады, деп жалғастырды ол.

«Біз әріптестерімізбен директорлардың орнын ауыстыру ережелерін талқылап жатырмыз. Нюанстар өте көп. Біз бұл жүйенің жеке мүдде үшін қолданылғанын қаламаймыз. Әртүрлі жағдайлар болады. Алпыс жастағы отыз жылдық тәжірибесі бар мұғалім де сұранысқа ие бола алады. Бірақ мұндай жағдайлар өте сирек. Бірақ, тәжірибе кадрларды ауыстыру үлкен маңызға ие екенін көрсетеді», – деп толықтырды министр.

«Open NРA» порталында мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялау ережесінің жобасы ұсынылды. Мектеп директорларын үш жыл сайын аттестаттау және олардың қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау нәтижелері бойынша ауыстыру ұсынылады.

Жобада ротация жойылса, еңбек келісімшарты тағы 3 жылға ұзартылатыны айтылған. Бірақ екінші рет бас тартқан жағдайда білім беру ұйымының басшысы қызметінен босатылады.

Осылайша, мектеп директорының ең ұзақ қызмет мерзімі 6 жылды құрайды. Ереже жобасында зейнетке шыққанға дейін үш жыл немесе одан аз уақыт бар адамдар ротациядан босатылуы мүмкін екендігі айтылған.
08 маусым 2021 ж. 748 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930