» » Үнді штаммы: коронавирус жұқтырғандар саны күрт көбейді

Үнді штаммы: коронавирус жұқтырғандар саны күрт көбейді

Нұр-Сұлтанда бір тәулікте коронавирус инфекциясы 568 адамнан анықталды НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. 

Қазақстанда өткен тәулікте 1496 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Айта кетейік, бір күн бұрын 1248 науқас тіркелген болатын.
Өңірлердегі статистика:
  • Нұр-Сұлтан қаласы - 568,
  • Алматы қаласы - 186,
  • Шымкент қаласы - 47,
  • Ақмола облысы - 36,
  • Ақтөбе облысы - 40,
  • Алматы облысы - 37,
  • Атырау облысы - 60,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 78,
  • Жамбыл облысы - 21,
  • Батыс Қазақстан облысы - 91,
  • Қарағанды облысы - 145,
  • Қостанай облысы - 30,
  • Қызылорда облысы - 29,
  • Маңғыстау облысы - 36,
  • Павлодар облысы - 40,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 25,
  • Түркістан облысы - 27.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 413 267.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан мен Алматыда едәуір жұқпалы және қауіпті болып саналатын коронавирустың үнді штаммы анықталғаны белгілі болды. Коронавирустың мутациясы оның антиденелерге қарсы тұру қабілетін арттырады, сондықтан вакцина салдырған адамдар да COVID-19 індетімен ауыруы мүмкін.
Таяуда денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда жаңа шектеулер енгізілетінін хабарлады. Сонымен, енді қызмет көрсету саласының қызметкерлері үшін міндетті түрде вакцина салдыру (егер медициналық қарсы көрсеткіш болмаса) немесе ПТР тестілеуден өту талаптары енгізіледі. Бұл ереже 20-дан астам қызметкері бар барлық ұжымға қатысты.

sputnik.kz
24 маусым 2021 ж. 661 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930