» » Елдегі дүкен сөрелерінде темекіні ашық сатуға тыйым салынады

Елдегі дүкен сөрелерінде темекіні ашық сатуға тыйым салынады

Қазақстандықтар енді дүкендерде темекі көрмейді.

Бірінші шілдеден бастап күшіне енетін жаңа ережелерге сәйкес, сату орындарында темекі өнімдерін орналастыруға және ашық көрсетуге тыйым салынады, деп жазады Stan.kz.

Сонымен бірге витриналарда темекі өнімдерінің жарнамасы болмайды. Мұндай өзгерістер темекі шегушілердің санын азайту үшін енгізілуде. Бір қызығы, сатылатын темекінің тізімі параққа мәтін түрінде орналастырылуы керек. Әріптер ақ параққа қара түсте жазылуы тиіс. Тізім әліпбилік тәртіппен, қандай да бір бейнелерсіз бағаны көрсете отырып жасалады.

Айта кетейік, бүгінгі таңда темекінің ең төменгі құны 500 теңгені құрайды. 1 шілдеден бастап ол 520 теңгеге дейін көтеріледі. Және әр алты ай сайын өседі. Бұл акциздерге мөлшерлеменің өсуіне байланысты. Егер қазір ол мың дана үшін 11 100 теңгені құраса, 2024 жылға қарай ол 18 мыңға дейін өседі. Былтырдың өзінде қазынаға темекі өнімдеріне акциздерден 220 миллиард теңге түсті. Ал биыл жыл басынан бері – 107 миллиард теңге.
24 маусым 2021 ж. 1 028 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930