Қазақстанда бес өңір «қызыл» аймақта тұр
Қазақстан өңірлерінде коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
27 маусымдағы жағдай бойынша, «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары орналасқан.
«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Қостанай және Маңғыстау облыстары тұр.
«Жасыл» аймаққа: Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары енген.