» » Суға кеткендердің санын азайту үшін: Қызылордалық құтқарушылар Сырдария бойында құрбандық шалды

Суға кеткендердің санын азайту үшін: Қызылордалық құтқарушылар Сырдария бойында құрбандық шалды

Құрбандыққа шалынған малдың еті мұқтаж жандарға таратып берілген.

Қызылордада аймақтағы суға батқандардың санын азайту үшін құтқарушылар Сырдария өзенінің бойында құрбандық шалды. Жыл басталғалы бері өзенге 17 бала батып кеткен, деп жазады Stan.kz.

Құрбандық шалу рәсіміне Қызылорда облысының ТЖД қызметкерлері мен мешіт имамы қатысқан. Құтқарушылар рәсімді өңірдегі қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін өткізген.

Департамент басшысының орынбасары Саид Молдақараевтың сөзінше, құрбандық азаматтық қорғаныс бөлімі және Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің бастамасымен шалынған. Бұған себеп аймақтағы суға кеткендердің санының жоғары болуы.

Жыл басынан бері облыстағы суқоймаларда 29 адам суға батқан, олардың 17-сі бала. Құрбандыққа шалынған малдың еті мұқтаж жандарға таратып берілген.

05 шілде 2021 ж. 165 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 279

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031