Қытайға 3144 киік мүйізін өткізбек болғандар ұсталды
2021 жылғы 8 шілдеде ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаментімен бірлесіп, киік мүйіздерін заңсыз өндіру және Қазақстаннан Қытайға контрабанда арнасын ұйымдастыруға қатысы бар қылмыстық топтың құқыққа қарсы әрекетінің жолын кесу бойынша арнайы операция жүргізді.
Бұл туралы Orda.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Дериваттардың ірі партиясын шетелге шығаруды ұйымдастырмақшы болған қылмыстық схеманың ұйымдастырушысы мен қатысушылары ұсталған.
Операция кезінде жалпы салмағы 700 килограмм болатын 3144 киік мүйізі тәркіленді. Браконьерлік әрекет нәтижесінде Қазақстандағы киік популяциясына айтарлықтай зиян келтірілді, қазіргі уақытта олардың саны шамамен 800 мың басты құрайды
Бұл іске байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.

– ҚР ҚК 339-бабының 2-бөлігі («киікті заңсыз қолға түсіру, жою, сол сияқты заңсыз қолға түсірілген киікті немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде құқыққа қарсы әрекеттің өзге де қатысушыларын анықтау, фигуранттарда киік мүйіздерінің қосымша партияларының бар болуы бойынша тергеу және жедел іс-шаралар кешені жүргізілуде, – делінген хабарламада.