» » Телеарналар мен радиолар хабар таратуды уақытша тоқтатады

Телеарналар мен радиолар хабар таратуды уақытша тоқтатады


21 шілдеде Қазақстанның барлық аумағында телерадио хабар тарату уақытша тоқтатылады, деп хабарлады ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

«2021 жылдың 21 шілдесінде сағат 03.00-17.00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Бұл уақытта Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады», – делінген ақпаратта.

Айта кетейік, «Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет. Ал тоқсан сайынғы жоспарлы профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақытқа өшіруге мүмкіндік береді. Сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады.

«Қазтелерадио» АҚ – Қазақстандағы теле және радиохабар тарату саласындағы ұлттық оператор.
14 шілде 2021 ж. 151 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 494

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031