» » Қазақстандықтар Құрбан айтта неше күн демалады?

Қазақстандықтар Құрбан айтта неше күн демалады?


Құрбан айттың бірінші күні биыл 20 шілдеге түсіп тұр. Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер 18 және 20 шілдеде демалады (17 және 19 шілде – жұмыс күні). Ал аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 17, 18 және 20 шілдеде демалады.

Биыл мейрам онлайн форматта өтеді.

Алайда белгілі бір аймақ тұрғындары мейрамды дәстүрлі форматта атап өте алады.

Биыл барлық өңірдің тұрғындары www.qurban2021.kz сайты арқылы онлайн-режимде құрбандық шала алады.

Qurban2021.kz сайты 15 шілдеде іске қосылды. Сайт 22 шілдеге дейін жұмыс істейді. Құрбан шалуға ниет еткен азаматтар осы аралықта тапсырыс бере алады.

Сайт арқылы республика бойынша мұқтаж отбасылар құрбандық етін алу үшін 17 шілдеден бастап өтініш білдіре алады.
Сонымен қатар коронавирустың таралуы бойынша «сары» және «жасыл» аймақтағы құрбандық шалатын арнайы орындарға Ashyq қосымшасы енгізіледі.
16 шілде 2021 ж. 641 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 706

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930