» » Цой коронавирусқа қарсы ревакцинация қашан басталатынын айтты

Цой коронавирусқа қарсы ревакцинация қашан басталатынын айтты

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирусқа қарсы ревакцинацияның қашан басталатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ревакцинация жоспарда бар. Қазір тәсілдерін қарастырып жатырмыз. Ол екі түрлі болады. Шұғыл ревакцинация бар, ол жалпы ұжымдық иммунитет қалыптастыруға дейін салынады. Ал жоспарлы ревакцинация жылына бір рет жасалады. Біз қазір сараптап жатырмыз, себебі Қазақстан вакцинацияны салыстырмалы түрде жайырақ, ақпан айынан бастады. Көпшілік маусым-шілде айларында екпе алды. Біздің антиденелер әлі де жаңа, деңгейі жоғары. Сондықтан екінші дозаны алғаннан кейін шамамен 9 ай өткен соң,  күнтізбеге қосатын шығармыз», деді Цой Coronavirus2020.kz телеграм арнасында жарияланған видеода.

Министр мұны әріптестерімен талқылап жатқанын, кейін ДДСҰ-мен кеңесетінін мәлімдеді. Цойдың айтуынша, ревакцинация туралы айта бастаған АҚШ, Израиль және Ресей сынды елдер вакцина алуды өткен жылы бастаған.

«Олардың алғашқы вакцинаны алғанына 9 айдан асты. Қазақстанда ревакцинация қазан айына өзекті болады, себебі біздің азаматтар алғашқы екпені ақпан айының басында алған», деп қосты министр.

10 тамыз 2021 ж. 389 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930