Жалған вакцина паспортын жасаған медқызметкерлер ұсталды
ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз жалған вакцинация паспорттары мен ПТР-анықтамаларды сату фактілері туралы айтты.
Оның айтуынша, осы санаттағы істер бойынша тергеу-сот тәжірибесі қалыптастырылды, заңды күшіне енген сот актілері бар. Төрт қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі шығарылды.
Айта кетейік, жыл басынан бері вакцинация паспорттарын және ПТР-анықтамаларын жасағаны үшін 110 қылмыстық іс қозғалған.
«ПТР-анықтамаларды қолдан жасағаны және жалған вакциналау жүргізгені үшін 28 адам әшкереленді, оның ішінде медицина қызметкерлері – 20, делдалдар – 8. Сондай-ақ әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде жалған вакцинация паспорттарын және ПТР-анықтамаларды сату туралы 70 хабарландыру анықталды, олардың 37-і бұғатталды», – деді Нұрділдә Ораз.
Оның айтуынша, осы санаттағы істер бойынша тергеу-сот тәжірибесі қалыптастырылды, заңды күшіне енген сот актілері бар. Төрт қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі шығарылды.
«Ал 43 қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері және сараптамалық зерттеулер жүргізілуде. Олар аяқталғаннан кейін күдіктілердің іс-әрекеттерін құқықтық бағалай отырып, іс жүргізу шешімдері қабылданады. Осыған ұқсас барлық қылмыстық істердің тергелуі бақылауда», – деді ресми өкіл.
Айта кетейік, жыл басынан бері вакцинация паспорттарын және ПТР-анықтамаларын жасағаны үшін 110 қылмыстық іс қозғалған.
Сонымен қатар, кейбір туроператорлар жалған вакцинация паспорттарын сатумен айналысқаны белгілі болды.