Тоқаев: Ауғанстандағы жағдайдың белгілі бір деңгейде қатері бар
Ауғанстандағы жағдайдың Қазақстанға белгілі бір дәрежеде қатері бар. Алматы облысында Ішкі істер министрлігіне қарасты Ұлттық ұланның "Қайсар-2021" деп аталатын оқу-жаттығуын тамашалаған президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде осылай деді. Президент сөзін Ақорда сайты жариялады.
"Халықаралық ахуалдың шиеленісуі жағдайында біздің күштік құрылымдар мейлінше ұтқыр болуға тиіс. Ауғанстандағы жағдайға байланысты қоғамда алаңдаушылық артып келе жатқанын көріп отырмыз. Бұл оқиғалар Қазақстанға тікелей қауіп төндірмейді. Алайда белгілі бір дәрежеде қатері бар. Сондықтан біз жағдайды мұқият бақылап, кез келген сын-қатерге лайықты жауап беруге дайын болуымыз керек" делінген Ақорда сайтында жарияланған Тоқаев сөзінде.
Бұған қоса, ол әскери қызметкерлерге әлеуметтік жағдайы жақсартып беруге уәде берді. Оның айтуынша, алдағы үш жылда ішкі істер органдары қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға артады.
"Осы мақсатқа 100 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылған. Ұлттық ұлан сарбаздарының айлық жалақысы біртіндеп өсіп келеді. 2021-2023 жылдары офицерлердің жалақысы 70 пайызға, келісімшарт бойынша қызмет ететін әскерилердің еңбекақысы 60 пайызға жуық артады" деді президент.