» » "Олар өздерін қай жерде де еркін сезінуі тиіс": Министр Балаева журналисті әкімдіктен шығарып жіберген күзетшінің әрекетіне қатысты пікір білдірді

"Олар өздерін қай жерде де еркін сезінуі тиіс": Министр Балаева журналисті әкімдіктен шығарып жіберген күзетшінің әрекетіне қатысты пікір білдірді

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Facebook парақшасында Алматыда күзетші журналисті әкімдіктен көтеріп шығарып тастаған оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


"Өздеріңізге мәлім, Алматы қаласы, Алатау ауданы әкімдігі қызметкерінің журналист Ақбөпе Тәңірбергенге күш қолданған теріс әрекеті интернет желісінде қызу талқыланып жатыр. Аудандық әкімдіктің жауапты тұлғаларының бұған қатысты еш шара қолданбауы мәселені тіпті де ушықтырып отыр. Бұл әрине өте өкінішті және біздің бүгінгі "еститін мемлекет", "ашық әкімдік" қағидаларына қайшы келетін жағдай",- деп жазды Аида Балаева Facebook-тегі парақшасында.

Министрдің мәлімдеуінше, журналистердің құқығын бұзуға, олардың ресми жұмысына кедергі келтіріп, күш көрсетуге ешқашан жол берілмеуі керек.

"Олар өздерін қай жерде де еркін сезінуі тиіс. БАҚ өкілдері еліміздің тиісті заңнамалары мен нормативті-құқықтық актілеріне сәйкес қажетті толыққанды ақпарат алуға қай кезде де құқылы. Бұл жағдайға қатысты, Алматы қаласы әкімдігінің басшылығы қызметтік тексеру жүргізіп, тиісті шаралар қабылдауы қажет деп санаймын. Кінәлі тұлғалар жауапқа тартылуы тиіс. Алдағы уақытта қай жерде болмасын, БАҚ өкілдеріне қатысты бұндай келеңсіз жағдайларға жол берілмеуі қажет", - деді Аида Балаева.

Айта кетсек, Алматы қаласы Алатау ауданы әкімдігінің күзетшілерінің бірі "Хабар 24" телеарнасының журналисі Ақбөпе Тәңірбергенді мемлекеттік мекеме ғимаратынан күштеп шығарып жіберген болатын. 

Өз кезегінде әкімдік өкілдері желіге басқа қырынан түсрілген видео жариялады. Онда журналист пен оператордың турникет астынан карантиндік шектеулерді елемей өтіп кеткені байқалады. 
25 тамыз 2021 ж. 511 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930