Тоқаев 1 қыркүйекте Қазақстан халқына үндеу жолдайды
Күздің бірінші күні ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті жолдауын жолдайды.
Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.
"1 қыркүйекте, сағат 11:00-де мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі палатаның бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын жолдайды. Жолдауда президент алдағы кезеңге елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым мақсаттарын жариялайды",-деді Уәли.
Берік Уәли атап өткендей, мұндай жолдаулар президенттің тәжірибесінде жыл сайын болады.