» » Қызылордада карантин талаптарын бұзған 306 құқық бұзушы анықталды

Қызылордада карантин талаптарын бұзған 306 құқық бұзушы анықталды


Қызылорда қалалық Полиция басқармасының учаскелік полиция испекторларымен құрылған мониторингтік топпен күнделікті сауда нысандары, ойын-сауық орындары, ресторандар мен кафелерде түсіндірме жұмыстары үздіксіз жүргізілуде.

Алайда, карантин талаптарын бұзу деректерін анықтау барысында мониторинг топтарымен бірлесіп жүргізілген жедел түсірілімдері туралы біршама жұмыстар атқарылуда.

Қызылорда қаласының арнайы мониторингтік топ құрамына басқарманың 16 учаскелік полиция инспекторлары бекітіліп, қазіргі таңда 16 мониторингтік топпен күнделікті рейдтік жұмыстарын жүргізуде.

Жүргізілген мониторингтік топ мүшелерімен жыл басынан карантин талаптарын бұзуға қатысты 5710-нан астам нысандар араланып, оның ішінде карантин талаптарын бұзған 306 құқық бұзушылық анықталып (оның 87-дерегі той, қалғаны жекелеген нысандар), жауапкершілікке тарту мақсатында құжаттар тиісті үйлестіру орталығына (СЭС) жолданып, қазіргі таңда, оның 159-на шара көрілді.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасы қала тұрғындарына және кәсіп иелеріне карантиндік режим жалғасатынын және бас санитарлық дәрігердің қаулысының талаптарын сақтау керектігін қатаң ескертеді. Тәртіп бұзушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылатынын тағыда ескертеді.
02 қыркүйек 2021 ж. 140 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 279

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031