» » «Рухани жаңғыру»: Қызылорданың жұмыс бағыты өңірлерге үлгі есебінде таныстырылды

«Рухани жаңғыру»: Қызылорданың жұмыс бағыты өңірлерге үлгі есебінде таныстырылды



«Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша республикалық онлайн семинар өтті. Семинарға бағдарламаны жүзеге асыруға жауапты мемлекеттік органдардың басшылары, облыс, қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Вебинар жұмысы барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын халық арасында кеңінен насихаттау бойынша жұмыстарды жетілдіру, бағдарламаны ғылыми сүйемелдеу, сарапшылық және әдістемелік қамтамасыз етілуін өзектендіру. Қызылорда облысының ғылыми негізделген жұмыс бағытының тәжірибесі өңірлерге үлгі есебінде таныстырылды.

Маңызды жиында сөз алған облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекова Сыр өңірінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жасалып жатқан жұмыстарды баянады.

«Рухани жаңғыру» орталығы 2021 жылдың басында қайта құрылды. Бүгінде онда 19 маман бар. Оның 2-і ғылым кандидаты 1-і PhD докторы және 2-і ғылым магистрі. Орталықты қайта құру және құрылымын жасақтау барысында ғылыми сүйемелдеу жұмыстарына ерекше назар аудардық. Мақсатымыз бағдарламаны түсіндіруде ғылыми негізделген кешенді жұмыстарды жүргізу және түрлі ұйымдар мен мекемелерге әдістемелік қолдау көрсету. Орталықтың үйлестіруімен облысқа белгілі ғалымдарды біріктірген «Ғылыми-сарапшылық» топ құрылды. Топ мүшелері бүгінде бағдарламаның ғылыми-теориялық және әдістемелік жағынан негіздеуге қолдау көрсетуде.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы негізінде, Тәуелсіздігіміздің 30-жылдығы мерейлі датасы аясында «Сыр жұрты» танымдық-пассионарлық жобасы әзірленген болатын. Жобаның басты мақсаты өңірдің тарихи – саяси және мәдени – рухани даралығын айшықтау арқылы, өскелең жас ұрпақты отаншылдық рухта тәрбилеп, білім мен ғылымға қызығушылығын артыру. Тәуелсіздіктің құндылықтары арқылы, жаңғыру кезеңіндегі адамның жаңа болмысын қалыптастыру, – деді басқарма басшысы Мира Жомартқызы.

Сөз соңында басқарма басшысы Бағдарламаны теориялық әрі әдістемелік қамтамасыз ету үшін Республикалық деңгейде Ғылыми-сарапшылық Кеңес құрудың, өңірлерде Ғылыми-сарапшылық топтарды қалыптастыру қажеттігі туралы ұсынысын ортаға салып, «Бұл бағдарламанының ғылыми, сарапшылық және әдістемелік қамтамасыз етілуін арттырып, нәтижелі жұмыстарға қол жеткізудің ең тиімді жолы», – деп атап өтті.

29 қазан 2021 ж. 118 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 773

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930