» » Президент ауылшаруашылығына қатысты: 2 триллион теңгеден астам қаражат бөлінді, нәтижесінде не болды?

Президент ауылшаруашылығына қатысты: 2 триллион теңгеден астам қаражат бөлінді, нәтижесінде не болды?

Еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ауыл шаруашылығын субсидиялауға бөлінген қаражаттың жұмсалуына сараптама жасайды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


"Ауыл шаруашылығын субсидиялау жайында. Соңғы 5 жылда бұл мақсатқа 2 трлн теңгеден астам қаражат бөлінді. Нәтижесінде не болды? Бюджет қаражаты жұмсалады, оның жұмсалуына бірыңғай бақылау жоқ. Айтарлықтай экономикалық тиімділігі де жоқ", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұзда өтіп жатқан моноқалаларды дамыту мәселелеріне арналған жиналыста.

Президент жемқорлыққа қарсы қызметке бұл салаға сараптама жүргізуді тапсырған. 

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке прокуратурамен және басқа да органдармен бірге бұл салаға кешенді сараптама жасауды тапсырдым. Оған қоғамды және аграрийлердің өздерін де тарту керек", - деді мемлекет басшысы.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұз қаласына өтіп жатқан моноқалаларды дамыту жөніндегі кеңесте елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы айтып, ревакцинациялауға кірісу 
керектігін айтқан. 
04 қараша 2021 ж. 210 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930