» » Қызылордада электр энергиясына шектеу тоқтатылды

Қызылордада электр энергиясына шектеу тоқтатылды

Қызылорда облысында электрмен қамту жүйесінде арнаулы шектеулер қойылған болатын. Енді ертеңнен бастап шектеулер алынып тасталады. Облыс тұтынушылары электр энергиясымен толық қамтылады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ерлан Жаңабаев мәлімдеді.

«Айта кету керек, 3 қарашадан бастап облыс бойынша тәулігіне орташа есеппен 30-50 мегават аралығында электр энергиясының жетіспеушілігі (дефицит) орын алды. Соның салдарынан күнделікті кешкі сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін тұтынушыларға электр энергиясы шектеліп беріліп келді. Атап айтқанда, электр энергияның жетіспеушілігінен 6 аудандағы 58 ауылдық елді мекеннің 15 мыңға жуық абоненттеріне шектеулер қойылды. Осы мақсатта, Энергетика министрлігі мәжіліс өткізіп, Жамбыл ГРЭС-тің 3 және 4 блогын іске қосуға шешім қабылдады», – деді басқарма басшысы.
Нәтижесінде, ертеңнен бастап жалпы оңтүстік өңір оның ішінде Қызылорда облысы электр энергиясымен толықтай қамтамасыз етілмек.
10 қараша 2021 ж. 415 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 703

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930