» » Қызылордада «Pfizer» вакцинасын егу басталды

Қызылордада «Pfizer» вакцинасын егу басталды


Бүгін Қызылорда облысында 12-18 жас аралығындағы балалар және жүкті әйелдермен бала емізуші әйелдерге арналған «Pfizer» вакцинасын егу басталды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шаймбетов мәлімдеді.

Алғашқы болып медициналық колледждің студенттері екпе алуды бастады. 70 студентке ата-аналарының келісімімен вакцина салынуда.

«Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының ұсынған «Pfizer» вакцинасының ерекшелігі – оның құрамында вирус болмайды. Бүгінде барлық емханаларда дайындық жұмыстары пысықталған. Арнайы орталық қоймаға 2 тоңазытқыш әкелінді. Өткен аптада «Pfizer»-дің 23400 дозасы жеткізілді. Ол ата-аналардың келісімімен 12-18 жастағы жасөспірімдерге, 16-37 апта аралығындағы жүкті әйелдер мен босанғанына 42 күн болған емізуші әйелдерге салынады», – деді Жангелді Мырзагелдіұлы.

Жалпы, Қызылорда облысы «жасыл» аймақта. Өткен тәулікте 18 жағдай тіркелді. Емделіп шыққаны 96 пайызды құрайды. Облыс бойынша инфекциялық стационарда – 163 науқас, реанимациялық төсек-орында 21 науқас ем қабылдауда. Вакцинациялау жұмыстары басталғалы бері облыста вакцинацияның 1 компонентімен егілгендер саны – 385 601, халықтың қамтылуы 85,2 пайызды құрады. Екінші компонентпен – 320 783 адам салдырған.
15 қараша 2021 ж. 233 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930