Қызылордада 3124 тонна өнім сатып алуға 900 млн. теңге қаржы бөлінді
Жыл басынан бері облыстық бюджеттен 3124 тонна өнім сатып алуға 900 млн. теңге қаржы бөлінді. Бұл туралы аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова ҚР Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте айтты.
Айта кетейік, кәсіпкер қарыз есебінен халықты нарықтық бағадан төмен бағамен азық-түлікпен қамтамасыз етеді, сондай-ақ, облыстың кез келген ірі дүкенінде өзінің әлеуметтік бұрышын аша алады. Қарыз қаражаты тауар өндірушілерге ауыл шаруашылығы өнімдерімен не оны қайта өңдеу өнімдерімен қамтамасыз ету үшін тікелей де беріледі. Субъект алған қарызын «Байқоңыр» ӘКК-ге кері қайтарады.
«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Тұрақтандыру қоры жұмыс жасауда, айналым схемасы бойынша қарыз қаражаты берілуде. Соңғы 2 жылда осы схема бойынша 15 кәсіпкерлік субъектісіне 1083 млн. теңге бөлінді», – деді Гүлшара Наушақызы.
Айта кетейік, кәсіпкер қарыз есебінен халықты нарықтық бағадан төмен бағамен азық-түлікпен қамтамасыз етеді, сондай-ақ, облыстың кез келген ірі дүкенінде өзінің әлеуметтік бұрышын аша алады. Қарыз қаражаты тауар өндірушілерге ауыл шаруашылығы өнімдерімен не оны қайта өңдеу өнімдерімен қамтамасыз ету үшін тікелей де беріледі. Субъект алған қарызын «Байқоңыр» ӘКК-ге кері қайтарады.
«Жыл бойы тұрақты түрде 36 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді. Азық-түлік тауарлары нарық бағасынан 15-20% төмен бағамен сатылды. Азық-түлік тауарларын өндірушілер және сауда субъектілерімен бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу туралы 300-ге жуық меморандумға қол қойылды, сондай-ақ, өндірушілер, көтерме жеткізушілер және ірі сауда желілерімен 13 монополияға қарсы комплаенс жасалды. Нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар тауарларға баға индексі бүгінде орташа республикалық деңгейден аспайды», – деді аймақ басшысы.