» » Pfizer вакцинасы аутизм мен белсіздік тудыруы мүмкін бе?

Pfizer вакцинасы аутизм мен белсіздік тудыруы мүмкін бе?

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева «Журналистика медициналық мектебі» жобасының онлайн-лекториясында Pfizer/Biontech компаниясының Comirnaty препаратымен балаларды вакциналау туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әсіресе ең өзектісі – вакцина қандай да бір ауруларды, атап айтқанда, қатерлі ісік, қант диабеті немесе аутизм сияқты генетикалық ауытқуды тудырмай ма деген сұрақ болды.
«Comirnaty/Pfizer вакцинасы қатерлі ісікке де, диабетке де, аутизмге де әкелмейді. Сондай-ақ, бұл басқа созылмалы аурулардың өршуіне ықпал етпейді және вакциналау қант диабеті, қатерлі ісік сияқты созылмалы аурулары бар адамдарға қажет, өйткені мұндай адамдарда COVID-19 өте ауыр өтеді», – деді дәрігер.
Сарапшының айтуынша, Comirnaty/Pfizer вакцинасының бір дозасының құрамында капсулаланған нанобөлшектер қабығында 30 микрограмм РНҚ немесе рибонуклеин қышқылы бар.
«Бұл РНҚ ақпарат адамның ДНҚ-сына ене алмайды, ол нақты антиденелердің түзілуін ынталандырады және орта есеппен 72 сағаттан кейін денеден жоғалады», – дейді сарапшы.
21 қараша 2021 ж. 195 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 703

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930