» » 24 қарашаға арналған ауа райы болжамы

24 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Күндіз елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында төпелеп жаңбыр мен қар жауады.


Тек Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында антициклон ықпалымен жауын-шашын жаумайды.
Республиканың басым бөлігінде көктайғақ, бұрқасын, күшті жел болады.


Республиканың батыс жартысында, орталығында тұман түседі.


Шығыс Қазақстан облысының солтүстік жартысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы – 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.


Қарағанды облысының солтүстік-батысында күндіз – көктайғақ, бұрқасын. Желдің жылдамдығы – 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі.


Ақмола облысының оңтүстігінде – көктайғақ, күндіз – бұрқасын соғады. Жел қарқыны – 15-20 м/с.


Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде – көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің жылдамдығы 15-20 м/с шамасында болады. Облыстың солтүстігінде тұман түседі.


Атырау, Маңғыстау облыстарының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі, күндіз Атырау облысының солтүстік-батысында желдің күші 15-20 м/с жетеді.


Күндіз Ақтөбе облысының шығысында жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Жел қарқыны – 15-20 м/с.
Қостанай облысының оңтүстігінде – тұман, көктайғақ, облыстың шығысында – жаяу бұрқасын. Күндіз облыстың оңтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.


Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жел екпіні – 15-20 м/с. Күндіз облыстың батысында, орталығында жаяу бұрқасын көтеріліп, көктайғақ болады.


Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі.


Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі, жел 15-20 м/с жетеді.


Түнде Солтүстік Қазақстан облысының шығысында жел қарқыны – 15-20 м/с.


Алматы облысының Алакөл ауданында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
24 қараша 2021 ж. 211 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 720

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031