» » Жұқпалы жедел ішек аурулары

Жұқпалы жедел ішек аурулары

 Жұқпалы ішек ауруларының қоздырғыштарының тіршілік ететін орны адам ағзасының ішегі, аурудың кейбір түрлерінің( сальмонеллез, паратиф, іш сүзегі) қоздырғыштары ішекте көбейе тұра, қанға немесе басқа ағзаларға таралады.  Жұқпалы ішек ауруларының тобын тырысқақ, қантышқақ, сальмонеллез, іш сүзегі құрайды.

Аурудың жасырын ( инкубациялық кезең) уақыты қантышқақ 6 күннен 24 сағатқа, іш сүзегі 35-21 күннен 14 күнге дейін қысқарады. Ішекке түскен қоздырғыш әсерінен ішек жұмысы күшейіп, қозғалысы артады. Бұл уақытта ішек құрылдап, іш кебеді, өтеді. Қоздырғыш көбею барысында орналасқан жерінің тұтастығын, соған сәйкес құрылысын бұзады. Сонымен қатар, ағзаға бөтен заттың еніп, тіршілігі барысында бөлінетін улы заттармен улануға байланысты жағдай қалыптасады, жалпы әлсіздік, дене қызуының көтерілуі,құсу, тамаққа тәбетінің төмендеуі, бас ауруы мазалайды.

Ауру қоздырғышы адам ағзасына қоздырғышпен ластанған тамақ, су, лас қол арқылы жұғады. Қоздырғыштар сүт   және сүт өнімдерінде , ет пен ет өнімдерінде, суда, малдың , адамның қиында құрғақ шаң- тозаңдарда бірнеше ай бойы сақталады, ет және сүт өнімдерінде сақталып қана қоймайды ,көбейеді. Ауру қоздырғышымен тамақ тікелей лас фактордың түсуі  немесе  тасымалдаушы болып табылатын шыбын арқылы бөлінуі мүмкін. 
 
Сауле Әмзеқызы 
ҚР ДСМ  СЭБК  « ҰСО » ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының Жалағаш аудандық бөлімшесінің санитарлық эпидемиологиялық зерттеулер зертханасының санитарлық эпидемиологиялық қызмет дәрігері.
08 желтоқсан 2021 ж. 175 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930