» » Ертеңнен бастап 35 градусқа дейін аяз болады

Ертеңнен бастап 35 градусқа дейін аяз болады

Синоптиктер 9-11 желтоқсан аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты. 

Қазгидрометтің хабарлауынша, 9 желтоқсанда ел аумағының басым бөлігіне жауын-шашынсыз ауа райы болады. Аймақ кең антициклонның ықпалында болады.

Солайша түнде Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы 20-25-ке дейін, кей жерлерде – 30 аязға дейін, 10 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында – 35 градус аязға дейін төмендейді.

Елдің батыс өңірлеріне Қара теңіз аудандарынан келген циклон әсер ете бастайды.

Ол кейінгі екі тәулікте республиканың қалған аумақтарына — шығысқа қарай ауысып, өзімен бірге жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ ала келеді. Желдің екпіні 15-25 м/с дейін күшейеді.

11 желтоқсанның түнінде республиканың солтүстік жартысында ауа температурасы 5-10-ға, кей жерлерде 15-20-ға, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 25 аязға дейін суытады.
08 желтоқсан 2021 ж. 294 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 026

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30