» » "Бұл – хайп": Дәурен Абаев министрлер мен әкімдердің жалақысы жайлы сұрайтын журналистерді сынға алды

"Бұл – хайп": Дәурен Абаев министрлер мен әкімдердің жалақысы жайлы сұрайтын журналистерді сынға алды

Дәурен АбаевПрезиденті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев министрлер мен әкімдердің жалақысы жайлы қойылатын сауалдарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат басылымына сілтеме жасап. 


"Соңғы уақытта лауазымды тұлғалар қатысқан ешбір баспасөз конференциясы айлық жалақы мен азық-түлікке жұмсайтын қаржы туралы сұрақсыз өтпейді. Экономикалық қиын кезеңде көпшілігінің жауабы тұрғындар арасында сынға ұшырайтыны белгілі", - деді Дәурен Абаев. 
Абаев журналистердің мұндай сауалдарын "хайп" деп бағалап, әріптестеріне де кеңесін берді. 

"Мұны "хайп" дер едім. Пара алуға қатысты заң бұзушылықтар, лауазымын асыра пайдалануды сынаумен келісемін. Мұнда барлығы орынды. Алайда журналист зерттеу жүргізіп жатқандай түрмен министр мен әкімге сауалға қойғанда менің күлкім келеді. Ал Үкімет пен әкімдіктегі әріптестеріме қызармай, байсалды түрде жалақылары жайлы айтуға кеңес берер едім", - деп мәлімдеді Дәурен Абаев. 
10 желтоқсан 2021 ж. 230 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 279

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031