» » Қызылорда облысының экономикалық дамуы қарқынды

Қызылорда облысының экономикалық дамуы қарқынды


Аймағымызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 691,9 млрд. теңгені құрады. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 157,8 млрд. теңгеге артты. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 159,6 млрд. теңге болды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Ринат Құдайбергенов мәлімдеді.

Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарының көлемі 83,9 млрд. теңгені құрады, 567,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 188,1 мың га егілді. Дәнді дақылдар – 96,6 мың га, оның ішінде күріш – 83,6 мың га, майлы дақылдар-6,7 мың га, көкөніс – бақша дақылдары мен картоп – 18,3 мың га, жемшөп дақылдары – 66,4 мың га. Бұл да өңірдің экономикалық дамуына әсерін тигізді.
14 желтоқсан 2021 ж. 419 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 129

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930