БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинағын пайдалану мерзімі қысқарды
БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинағын пайдалану мерзімі 45 күннен 20 күнге қысқарды, деп жазылған Отбасы банктің Instagram парақшасында.
Арнайы шот ашу үшін банкке келудің қажеті жоқ екені де айтылған. Ол үшін мобильді қосымшаны пайдалануға немесе www.otbasybank.kz сайтындағы видеоқоңырау арқылы шот ашуға да болады.
Сонымен қатар біржолғы зейнетақы төлемінің статусын чат-бот арқылы тексеру мүмкіндігі қарастырылған.
Отбасы банк (бұрынғы «Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі) – тұрғын үй құрылыс жинағы жүйесін жүзеге асыратын елдегі жалғыз банк екенін атап өту керек.
Депозитке ақша аудару 2021 жылдың 16 желтоқсанынан басталады.
«Біржолғы зейнетақы төлемі арнайы шотқа түскеннен кейін ол қаражатты 20 жұмыс күні ішінде мақсатқа сай пайдалану мүмкіндігі болады. 20 жұмыс күнін есептеу онлайн-платформада өтініш жіберген сәттен емес, біржолғы зейнетақы төлемі арнайы шотқа түскен сәттен бастап есептеледі», – деп жазылған хабарламада.
Арнайы шот ашу үшін банкке келудің қажеті жоқ екені де айтылған. Ол үшін мобильді қосымшаны пайдалануға немесе www.otbasybank.kz сайтындағы видеоқоңырау арқылы шот ашуға да болады.
Сонымен қатар біржолғы зейнетақы төлемінің статусын чат-бот арқылы тексеру мүмкіндігі қарастырылған.
«Сондай-ақ enf-obasybank.kz зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын қолдану платформасында жолдаған өтініштің орындалу деңгейін тексеру үшін +7 705 925 13 01 WhatsАpp нөміріне немесе Telegram-дағы Quanysh_bot ботына жазу қажет», – деп түсіндірді Отбасы банкте.