» » Көктайғақ, жел, боран – бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Көктайғақ, жел, боран – бейсенбіге арналған ауа райы болжамы


ҚР басым бөлігінде бұрынғысынша солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысқан атмосфералық фронттар әсерін тигізетін болады. Республика бойынша тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта жаяу бұрқасын соғады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында бұрқасын, көктайғақ, желдің күші түнде 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігі және орталығында, Жамбыл облысының таулы аудандарында көктайғақ, тұман түседі. Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында, күндіз Қызылорда облысының орталығында жел 15-23 м/с жылдамдықпен соғады.

Ақмола облысының батысында және оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіліп, түнде шығысында, күндіз оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде және таңертең Алматы облысының шығысында және оңтүстігінде тұман күтіледі, Алакөл ауданында жел 17-22 м/с жылдамдықпен соғады. Түркістан облысының солтүстігінде, батысында және таулы аудандарында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
23 желтоқсан 2021 ж. 162 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930