» » Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау ережесі өзгерді: Министр түсіндіріп берді

Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау ережесі өзгерді: Министр түсіндіріп берді

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогтерді жұмысқа қабылдау қағидаларына қатысты өзгерістер енгізілгенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Министр Facebook парақшасында мұғалімдерді жұмысқа қабылдау енді жаңа форматта: конкурс және нақты белгіленген критерийлер арқылы жүзеге асырылатыны туралы жазды.

Аймағамбетовтің сөзінше, бұған дейін нақты ережелер болмаған, яғни мектеп директоры кімді және қандай көрсеткіштер бойынша жұмысқа қабылдау керектігі туралы өзі шешетін.

"Бірқатар аймақта сағаттар санын дұрыс бөлмей, үш-төрт мұғалім бір ставкаға қабылданған жағдайлар тіркелді. Мұндай жағдайлар қандай себептерге байланысты орын алатынын болжау қиын емес. Бұдан былай білім беру ұйымдары барлық бос немесе уақытша бос лауазымдарға конкурс өткізетін болады. Бұл шағын жинақты мектептерге қатысты емес", - деп жазды ол.

Байқауға біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін мұғалімдер қатысады.

Жұмысқа қабылдау тәртібі мынадай:

- Жұмысқа орналасу кезінде үміткер конкурсқа қатысу туралы өтініш береді. Өтініш беруші өзінің бағалау парағын қоса ұсынады. Онда барлық жетістігі, нәтижелері, еңбек өтілі, әкімшілік немесе әдістемелік қызмет тәжірибесі, курстық дайындық және басқа да ақпарат көрсетіледі. 

- Әрбір бағыт бойынша кандидат белгіленген критерийлер арқылы бағалау шкаласына сәйкес өз балдарын дербес қояды.

- Конкурстық комиссия өтініш берушінің өзі қойған балдардың, оларды растайтын құжаттардың сәйкестігін тексеріп, қорытынды ұпай шығарады. Нәтижесінде бос орынға ең көп балл жинаған үміткер қабылданады. Субъективизм деңгейі барынша төмендейді.

Нәтижесінде бос орынға ең көп ұпай жинаған үміткер ие болады.
"Ұйымдар үміткердің қандай да бір бұзушылықтарға, оның ішінде педагогикалық этика бойынша бұзушылықтарға жол берді ме, жоқ па, сол туралы ақпаратты ескере алады. Мұндай фактілер анықталса, педагог кез келген кезеңде конкурстан шеттетіледі. Ережеде үміткердің біліктілік санатының міндетті түрде болуы қарастырылған", - деп мәлімдеді министр.

Ол сондай-ақ ережеде үміткерге міндетті біліктілік санаты қарастырылғанын қосып өтті.

"Енді жоғары оқу орындары мен колледж түлектеріне жұмысқа қабылдану үшін дипломның болуы жеткіліксіз екенін атап өткен жөн. Олар Ұлттық біліктілік тестілеуден өтіп, одан әрі мектепте "педагог" бірінші санатын алуға міндетті", - деді Асхат Аймағамбетов.

Министр сонымен бірге педагог қызметін негізгі жұмысымен қоса атқаратын мұғалімдерді бір пән бойынша 8 сағаттан аспайтын жүктемемен конкурссыз жұмысқа қабылдауға рұқсат етілетінін айта кеткен жөн. Сондай-ақ осы білім беру ұйымының мұғалімдері арасында жүктемесі 8 сағаттан аз бос орындарды үлестіруге болады. Бұл ретте бір пән бойынша бос 9 немесе одан да көп сағатты жасанды түрде бөлшектеуге жол берілмейтінін жеткізді.

Аймағамбетов аталған шаралар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға және педагог лауазымына үміткерлерді сапалы іріктеуге бағытталғанын атап өтті.
24 желтоқсан 2021 ж. 220 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930