» » Қызылордада 2022 жылы 21 ауыл әкімі сайланады

Қызылордада 2022 жылы 21 ауыл әкімі сайланады



Биыл елімізде тұңғыш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтті. Жиырма бесінші шілдеден бастап облыста 44 ауылдық округтің, 1 аудандық маңызы бар қаланың және 2 кент әкімін халық дауыс беру арқылы сайлады.

«ҚР Сайлау туралы» заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуінің басты мақсаты – жергілікті халықтың басқару жүйесіндегі белсенділігін арттыру және еліміздегі демократиялық процестерді одан әрі дамыту болып табылады. Осы жылы өткен ауыл әкімдерін сайлау барысында облыс бойынша жалпы саны 181 кандидат тіркелді. 118 кандидат өзін-өзі ұсынса, 63 үміткерді саяси партиялар додаға қосқан. Сайлауға қатысушы 181 кандидаттың 79 пайызы бюллетеньге енгізілді. 37 кандидат тиісті талаптарға сәйкес келмеді. саяси додада орташа бәсекелестік бір орынға 3 кандидатты құрады», – деді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев.

Жалпы 47 әкімнің сайлауының 36-ы әкімдердің өкілеттілік мерзімінің аяқталуына байланысты, 11-і мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты өткізілген.

«Сайланған әкімдердің орташа жасы 47,4 жасты құрады. Біреуі әйел, қалғаны ер азаматтар. Сайланғандардың 23-і бұрынғы әкімдер. Сайлауды 628 байқаушы, 189 кандидаттардың сенім білдірген өкілдері қадағалады. Бір сайлау учаскесіне 9,6 байқаушыдан келді. Бұл деген ең жоғарғы көрсеткіш», – деді облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Болат Накипов.

Айта кетейік, алдағы 2022 жылы өкілеттік мерзімі аяқталатын 21 әкімнің кезекті сайлауын өткізу жоспарланып отыр.
29 желтоқсан 2021 ж. 155 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930