Төтенше жағдайда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жедел штаб отырысы туралы
«Қызылорда облысында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы №736 жарлығына сәйкес және Қызылорда облысында «Төтенше жағдай» жариялануына байланысты жедел штаб отырысының қорытындысы бойынша келесіні БҰЙЫРАМЫН:
1. Қызылорда облысының полиция департаменті:
1.1. жедел әрекет ету тобын құру туралы бұйрық әзірленсін;
1.2. ҚР Ұлттық Ұлан №5547 әскери бөлімі, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері бірлесіп, Қызылорда қаласы және аудандардың кіру-шығу автомобильдік тасжолдарына қарулы блок-посттар және төтенше жағдай уақытында (сағат 23:00-ден 07:00-ге дейін) адамдардың қоғамдық орындар мен көшеде жүруіне және оның құралдары қозғалысының еркіндігіне шектеулер қойылсын.
2. Қызылорда облысының полиция департаменті, Қызылорда облысының прокуратурасы, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті, Қызылорда облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаменті, ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаменті, ҚР Ұлттық Ұлан №5547 әскери бөлімі, №66597 әскери бөлімі , Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік күзет қызметі басқармасы, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері:
2.1. қоғамдық тәртіптің сақталуын, аса маңызды мемлекеттік және стартегиялық объектілердің, сондай-ақ тыныс-тіршілігін және көлік қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілердің күзетілуі күшейтілсін;
2.2. жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, олардың заттарын, көлік құралдарын тексеру қамтамасыз етсін;
2.3. Қызылорда облысына кіру және одан шығу шектесін;
2.4. бейбіт жиналыстарды, ойын-сауық, спорттық және басқа бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынсын;
2.5. ереуілдерге және заңды тұлғалардың қызметін тоқтата тұрудың немесе тоқтатудың өзге де әдістеріне тыйым салынсын;
2.6. ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлесіп, қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар, арнаулы құралдар, улы заттар сатуға тыйым салынсын, дәрі-дәрмектің, есірткі заттардың, психотроптық заттардың, прекурсорлардың, ерекше режимі белгіленсін;
2.7. жеке тұлғалардан қару мен оқ-дәріні, улы заттарды уақытша алып қою, ал заңды тұлғалардың қаруға, оқ-дәріге және улы заттарға қоса әскери және жауынгерлік оқу техникасын, жарылғыш және радиоактивті заттарды уақытша алып қою қамтамасыз етілсін;
2.8. Қызылорда облысы әкімдігінің ғимаратының күзетілуі күшейтілген режимді қамтамасыз етсін.
3. Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы мен Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері бірлесіп, төтенше жағдайға енгізілген кезеңінде жұмылдырылған құқық қорғау органдарының, Ұлттық Ұлан әскери, Қорғаныс министрлігінің қызметкерлерін 5 мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етсін (таңғы, түскі, кешкі ас).
4. Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаменті Қызылорда облысында төтенше жағдайдың және коменданттық сағат енгізілуі бойынша хабарламаларды ұялы байланыс арқылы (sms) облыс тұрғындардың назарына жеткізсін.
5. Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері, Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қызылорда облысы бойынша департаменті, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы бірлесіп:
5.1. облыс көлемінде азық-түлік дүкендері, дәріханалардың жұмыс уақыты сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін шектелсін;
5.2. облыс көлемінде алкогольдік өнімдерінің сатылуы тыйым салынсын;
5.3. облыс көлемінде кафе-барлар, мейрамханалар, гипер, опто, супермаркеттердің, қоғамдық моншалар, сауналар, спорттық ұйымдар, ойын-сауық орталықтарының қызмет уақыты тоқтатылсын;
5.4. облыс аумағында орналасқан барлық қару-жарақ және арнайы құралдарды сататын дүкендер жабылсын.
6. Қызылорда облысының желілік полиция бөлімі әуежай, теміржол мен автовокзалдарға кіру шектелсін (жолда жүру билеті барлар, шығарыпсалушыларсыз және оларды сатып алуға келгендер ғана кіргізілсін).
7. Қызылорда облысының полияция департаменті, Қызылорда облысының прокуратурасы, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті, Қызылорда облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік күзет қызметі басқармасы, басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес арнайы органдар қару-жарақ пен арнайы құралдарды Қызылорда облысының полияция департаментінің қару-жарақ сақтау қоймасына тапсырылсын.
8. Барлық мемлекеттік және арнайы органдар барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерге келтірілген шығын көлемі есептелсін.
9. Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы, Қызылорда қаласының әкімі:
9.1. Полиция жедел жасағының қозғалысын қамтамасыз етуге 4 автобус бөлінсін;
9.2. қосымша көмекке келген қызметкерлерді орналастыру орны белгіленсін (сыйымдылығы 300 адамға).
10. Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы төтенше жағдай жөнінде, орналастырылған блок-посттар туралы және төтенше жағдай кезінде жұмылдырылған қызметкерлердің жұмысының нәтижелерін түсіріп, жарияласын.
11. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енгізілсін және орындалу мерзімі арнайы шешім қабылданғанға дейін күшінде сақталсын.
12. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау өзіме жүктелсін.
Бектөре СҰЛТАН,
облысының полиция департаментінің бастығы, аумақтық комендант,