» » Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы


Синоптиктер 11-13 қаңтардағы ауа райына арналған болжамын жариялады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Синоптиктердің болжауынша, елімізге келген солтүстік-батыс антициклоны аязды тудырады.

«Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс аймақтарына әлі де солтүстік- батыс антициклоны ықпал етуде: кей жерлерде 30, жалпы 20-25 С-қа дейін аяз болады . 12 қаңтарда солтүстік және оңтүстік циклондар өздерімен бірге қар, боран әкеледі, сондай-ақ ауа температурасы қысқа мерзімді көтеріледі . Алайда 13 қаңтарда суық солтүстік-батыс антициклоны артқа қарай жылжып, өзімен бірге еліміздің солтүстік-батысы, солтүстік, шығыс және орталыққа қайтадан 30 градусқа дейін аяз әкеледі», делінген хабарламада.

Ал Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлеріне келетін болсақ, мұнда оңтүстік циклонның әсерінен жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, сондай-ақ ауа температурасының 2-10 градусқа біртіндеп көтерілуі мүмкін.
10 қаңтар 2022 ж. 87 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930