Антитеррорлық операция 3 аймақта жалғасып жатыр - ҰҚК
Ұлттық қауіпсіздік комитеті антитеррорлық операцияның 12 облыс пен 2 мегаполисте аяқталғанын мәлімдеді. Қазір лаңкестерге қарсы шаралар Алматы облысы, Алматы және Жамбыл облысында жалғасып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазір қауіптің қызыл деңгейі Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында алынып тасталды.
Алматы қаласы бойынша Бостандық пен Түрксіб аудандары қылмыскерлерден тазартылды. Лаңкестік, тонау және басқа қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 1 625 адам тұтқындалған. Олардан 38 атыс қаруы мен 1 486 оқ-дәрі тәркіленді.
Өткен тәулікте "102" пультіне 961 хабарлама келіп түсті. Комендатураның кол-орталығына азаматтардан жедел әрекетті талап ететін 215 дабыл қабылданған. Алматы комендатурасының ақпарат орталығының мәліметінше, барлық хабарламалар дер кезінде өңделген.