» » Дүйсенбі күнге арналған ауа райы болжамы

Дүйсенбі күнге арналған ауа райы болжамы


ҚР басым бөлігіне жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Тек еліміздің оңтүстік-шығысы мен орталығында жауын, қар жауады. Сондай-ақ ол аумақта желдің күшеюі және көктайғақ сақталады. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және таулы аудандарында тұман күтіледі, солтүстігінде және таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі, облыстың оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау облысының солтүстігі мен орталығында, Маңғыстау облысының батысы мен орталығында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында тұман күтіледі, күндіз облыстың оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, Алматы облысының солтүстігі мен таулы аудандарында, Қостанай облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында, Жамбыл облысының солтүстігі мен таулы аудандарында, түнде Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде тұман түседі.
24 қаңтар 2022 ж. 89 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930