» » Ақзира Қасымова: Оқу форматына қатысты өзгерістер енгізілді

Ақзира Қасымова: Оқу форматына қатысты өзгерістер енгізілді

Оқу форматына қатысты өзгерістер енгізілді. 1-4 бастауыш сынып оқушылары штаттық форматта яғни мектепке барып білім алады. 600 оқушысы бар ауыл, қала мектептері де штаттық форматта жұмыс жасайды.

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова мәлімдеді.

Сондай-ақ, колледждер аралас форматта оқиды. Практикалық, зертханалық, семинар сабақтар, өндірістік практика икемді кесте бойынша штаттық режимде, дәрістер онлайн түрде өткізіледі.

«Вакцина алған студенттер оқу ордасына келіп, сабаққа қатыса алады. Бүгіннен бастап аймақтағы 30 колледждегі 19 692 студент үшін екінші семестр аралас форматта басталды»,- дейді басқарма басшысы.
24 қаңтар 2022 ж. 330 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 205

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031