» » Сенат Елбасымен мемлекеттік бастамаларды келісу қажеттілігін алып тастауды ұсынды

Сенат Елбасымен мемлекеттік бастамаларды келісу қажеттілігін алып тастауды ұсынды

Сенаторлар «Тұңғыш Президент – Елбасы туралы» конституциялық заңға өзгерістертерді енгізу мәселесін қарады.

Соның аясында Елбасының Қауіпсіздік кеңесіне және Қазақстан халқы ассамблеясына өмір бойы төрағалық ету құзіреті тоқтатылады. Сондай-ақ сенат депутаттары тұңғыш президентпен мемлекеттік бастамаларды келісу қажеттілігін алып тастауды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Заңды талқылау барысында бір норма енгізіліп отыр.

«Тұңғыш Президент туралы» заңнан мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына байланысты бастамалары Елбасымен келісілуге тиіс деген норма алынып тасталғалы отыр. Сондықтан да сенат заңнамаға енгізілген өзгерістерді тұжырымдамалы түрде қолдап, бір өзгеріспен мәжіліске қайтарып отыр»,- деді депутат Ләззат Сүлеймен сенаттың жалпы отырысында.

Жоғарғы палата бұрын айтылған барлық өзгерісті мақұлдады. Соның ішінде Елбасының Қауіпсіздік кеңесіне және Қазақстан халқы ассамблеясына өмір бойы төрағалық ету құзіретін тоқтату мәселесі де бар. Алайда тағы бір түзетуге байланысты заң жобасы төменгі палатаға қайтарылды.

Енді, бұл түзетуді мәжіліс депутаттары қарайды. Ал қабылдаған жағдайда заң жобасы бірден президентке қол қоюға жіберіледі.
27 қаңтар 2022 ж. 128 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 279

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031