» » 6 ақпанға арналған ауа райы болжамы

6 ақпанға арналған ауа райы болжамы

6 ақпан күні антициклон жотасы Қазақстанның шығыс бөлігіне әсерін сақтайды. Қазақстанның қалған аумағында циклон мен атмосфералық ағындардың әсерінен жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Оңтүстіктің таулы аудандарында қатты жауын, көктайғақ болып, жел күшейеді, елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы асуларда желдің жылдамдығы секундына 30 метрге жетеді және одан да жоғары болуы ықтимал. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.

Түркістан облысының солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады, батысы мен оңтүстігінде және тау бөктеріндегі аудандарда желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге жетеді, таулы аудандарда және облыстың солтүстігінде 25 м/с, таулы асуларда 30 м/с және одан да жоғары болады.

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады, солтүстік-шығыста, оңтүстік-батыста, таулы аудандарда жел 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні 23-28 м/с, кейде 30 м/с және одан да жоғары болуы ықтимал.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында тұман, көктайғақ болады, Алакөл көлдерінің ауданында жел 15-20 м/с, екпіні 23-28, кейде 30 м/с және одан да жоғары күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында тұман, көктайғақ болады.

Атырау облысының солтүстік-шығысында тұман болып, облыстың шығысы мен орталығында жел секундына 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ болып, тұман түседі, 15-20 м/с екпінді жел күтіледі.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде түнде тұман түсіп, көктайғақ, күндіз бұрқасын болады, облыстың орталығында, оңтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде – жаяу бұрқасын болып, батысында, шығысында, облыс орталығында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі, облыстың оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде және орталығында тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, облыстың шығысында жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.
06 ақпан 2022 ж. 71 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930