» » Қазақстанның бас санитар дәрігері тағайындалды

Қазақстанның бас санитар дәрігері тағайындалды



Ол еңбек жолын 1990 жылы Алматы қаласындағы емханада фельдшер-зертханашы болып бастаған

Айжан Есмағамбетова Денсаулық сақтау вице-министрі — Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметіне тағайындалды, деп хабарлады үкіметтің ресми сайты.

Айта кетері, 2020 жылы Айжан Есмағамбетова алты айдай осы қызметті атқарған. Сол кезде ол Жандарбек Бекшиннің орнына келген. Бірақ қыркүйек айында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы қызметіне ауыстырылды.

Ал Ерлан Қиясов бас санитар дәрігер болып тағайындалған. Жақында Ерлан Қиясов денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитарлық дәрігер қызметінен босатылды. Осылайша, бір жарым жылдан кейін Айжан Есмағамбетова қайтадан бас санитар болып тағайындалып отыр.

Есмағамбетованың өмірбаяны

Айжан Есмағамбетова 1972 жылы Алматы облысында туған. 1997 жылы Алматы мемлекеттік медицина университетін, Қазақстан медицина университетін (Қоғамдық денсаулық сақтау Жоғары мектебі), Алматы менеджмент университетін бітірген.

Еңбек жолын 1990 жылы Алматы қаласындағы №7 емханада фельдшер-зертханашы болып бастаған. 1997-2004 жылдары республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының аса қауіпті инфекциялар бөлімінде дәрігер-эпидемиолог, дәрігер-бактериолог, зертхана меңгерушісі болып жұмыс істеді.

Ал 2004-2014 жылдары денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің құрылымында түрлі лауазымдар атқарды. 2013 жылы комитет төрағасы болып тағайындалды.

Бір жылдан соң тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры – бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің орынбасары болды.

2014-2017 жылдары – Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы;

2017 жылы – Стратегиялық даму және қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің директоры;

2017-2020 жылдары – Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментінің директоры;

2020 жыл – Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары болды.

2020 жылдың қазан айынан бастап осы уақытқа дейін денсаулық министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.


14 ақпан 2022 ж. 246 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930