» » Қызылордадағы әскери-техникалық мектеп жаңа курсанттармен толықты

Қызылордадағы әскери-техникалық мектеп жаңа курсанттармен толықты

Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің Қызылорда қаласындағы әскери-техникалық мектебі биылғы жылдың алғашқы 21 курсантын қабылдады.

Олар алдағы бір айдан астам уақыт аралығында жоспарға сай тиісті жауынгерлік даярлықтарын шыңдап, әскери тәртіппен танысады. Әскери теориялық жетілдірген білімдерін іс-тәжірибеде қолдануға да уақыттары жетерлік. Сарбаздар әскери ант қабылдау рәсіміне дейін екі мәрте қарудан оқ атып тәжірибеден өтеді. Тактикалық дайындық пен қаруды қалай қолдану керектігін де меңгереді.

«Қырық күн ішінде әскери өмірдің барлық қыр-сырын толық меңгеру әрине қиын. Бірақ та, осы мүмкіншілігімді пайдалана отырып қару-жарақты қалай пайдалану керектігі мен әскери тәртіпті үйреніп, басқа жауынгерлік тапсырмаларды сенімді орындауға дайынмын. Осы техникалық мектепті бітіріп, әскери ант қабылдау алдағы басты мақсатым», – дейді әскери-техникалық мектебінің курсанты Мағжан Сайлау.

Аталған әскери-техникалық мектепте сарбаздарға әскери өмірдің қыр-сырын меңгеруіне мүмкіндіктер көп. Дәріс беретін мұғалімдердің білімі мен біліктілігі және курсанттармен жұмыс істеу тәжірибелері де жоғары. Мектеп оқытуды сапалы ұйымдастыру үшін қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

«Атқыш» мамандығын меңгеріп шығатын сарбаздарымыз еліміздің Қарулы Күштеріне қызмет етуге дайын.


18 ақпан 2022 ж. 134 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 992

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031