» » 22 ақпанға арналған ауа райы болжамы

22 ақпанға арналған ауа райы болжамы


Бүгін Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Солтүстікте қар жауып, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Еліміздің қалған аумағында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді. ҚазАқпарат бұл туралы «Қазгидрометке» сілтеме жасап хабарлайды.

Ақмола облысының солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді, жаяу бұрқасын соғып, күндіз көктайғақ күтіледі.

Түнде және таңертең Алматы облысының солтүстігінде тұман болады. Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының солтүстік-шығысында желдің екпіні 23 м/с артады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында тұман күтіледі.

Қостанай облысының батысында жел 15-20 м/с күшейеді, жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с артады. Сондай-ақ жаяу бұрқасын, тұман, күндіз көктайғақ күтіледі.

Күндіз Павлодар облысының солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын болжанады.
Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында жел 15-20 м/с артады.

Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында тұман, түнде аталған өңірлердің шығысында, орталығында көктайғақ болады.
Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде көктайғақ байқалады.
22 ақпан 2022 ж. 90 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 992

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031