» » Украинадағы қақтығыс: Қазақстанда қандай шаралар қабылданады?

Украинадағы қақтығыс: Қазақстанда қандай шаралар қабылданады?

Қазақстан үкіметі ұлттық банкпен бірлесіп дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарын әзірледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Украинадағы оқиғаларға байланысты шұғыл әрекет ету мақсатында үкімет пен Ұлттық банк бірлескен іс-қимыл жоспарын дереу жүзеге асыруға кірісті. Ол жағдайдың Қазақстанға тигізуі мүмкін әлеуметтік-экономикалық салдарына қарсы бағытталады», – делінген ресми хабарламада.

Жоспар үш бағытта іске асырылады:
инфляцияны бақылау және валюта нарығындағы тұрақтылықты сақтау;
жұмыспен қамтуды қолдау және жаңа жұмыс орындарын құру;
кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған шаралар.

Мәселен, қаржы нарығының тұрақтылығын және теңгемен ашылған депозиттердің тартымдылығын қамтамасыз ету мақсатында бюджет есебінен сыйақы төленеді. Осылайша, теңгелік салымдарды қорғау бағдарламасын іске асырылады.

Ал халықтың әл-ауқатын арттыру міндеттерін іске асыру бойынша ең алдымен ауылдық елді мекендерге, моно- және шағын қалаларға, елорда мен республикалық маңызы бар қалалар төңірегіне баса назар аударылады.

Ол үшін биыл «Ауыл – Ел бесігі» жобасы, Өңірлерді дамытудың кешенді жоспары және басқа да бағдарламалар аясында республикалық бюджеттен 200 миллиард теңгеге дейінгі қаражат бөлінеді.

«Ауыл шаруашылығына арналған жерлерді айналымға қосымша тарту арқылы ауыл шаруашылығы кооперациялары мен отбасылық шаруашылықтарды дамыту үшін жағдай жасалады», – дейді мамандар.

Ал өндіріс саласында мемлекеттік қолдаудың негізгі бөлігі өнімділігі жоғары кәсіпорындарды технологиялық жаңғыртуға және дамытуға арналады. Ел экономикасын индустрияландыру және инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы импорттық тауарларды алмастырудың маңызы зор. Мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпорындарға өз жұмыскерлерінің еңбекақысын, соның ішінде еңбек өнімділігін ұлғайту бойынша нақты міндеттер қойылады.

Осыған орай, биыл «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасын, атап айтқанда, кредиттерді субсидиялауды және кепілдендіруді қаржыландыру едәуір ұлғайтылады. Бұдан басқа, агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдау тиімділігін арттыру мақсатында субсидиялау жүйесінің жаңа тәсілдері әзірленеді.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін ұлғайтуға және қайта тереңдете өңдеуге бағытталған жобаларға басымдық беріледі. Жылдың соңына дейін басым салаларда мемлекеттік органдардың 420-дан астам реттеу актісі қайта қаралады. Кәсіпкерлерге қойылатын талаптарға тексеру жүргізу басқа салалар бойынша да жалғасады. Үкімет, ұлттық банк пен «Атамекен» палатасы бағаны бақылап отырады.
25 ақпан 2022 ж. 189 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930