» » Оқу-жаттығу болғандықтан қорқуға себеп жоқ

Оқу-жаттығу болғандықтан қорқуға себеп жоқ

Қалада 1 наурыз күні сағат 09:00 де дабыл соғылады. Дабылды ескерту орталықтағы 25 жерде құлақтандыру жүйесін тексеру мақсатында өткізілмек. Сала мамандары облыс тұрғындарын үрейленбеуге және негізсіз жалған ақпарат таратпауға шақырады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Саид Молдақараев хабарлады.

«Ертең «республикалық, аумақтық және объектілік деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру» тақырыбында оқу жаттығу жүргізіледі. Шара барысында қауіпті өндірістік нысандар мен гидротехникалық орындарда жергілікті құлақтандыру жүйелерін тексеріп, халықты уақытылы хабардар ету мақсатында өткізіледі. Дабыл қала орталықтарында бір мәрте соғылады. Сонымен қатар, дабыл ойнаған уақытта тұрғындар үйде болып, теледидар немесе радио қосуы керек. Дегенмен, бұл оқу-жаттығу шарасы болғандықтан негізсіз қорқуға себеп жоқ»,-деді Саид Молдақараев.

Айта кетейік, еліміз 1997 жылы Азаматтық қорғаныстың халықаралық ұйымына тәуелсіз мемлекет ретінде қосылған болатын. Сол уақыттан бері 1 наурыз «Дүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс күні» болып бекітілген. Аталмыш оқу-жаттығу да атаулы күнге орайластырып өткізілмек.
28 ақпан 2022 ж. 100 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 992

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031