» » Жаңа қазақстанның жаңа партиясының қуатты бағдары

Жаңа қазақстанның жаңа партиясының қуатты бағдары


Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен партияның кезектен тыс 22-ші Съезі онлайн форматта өткізілді. Партия қазіргі кезеңнің күрделілігі мен жауапкершілігін ескере отырып халық игілігі жолындағы маңызды іс-шараларды қабылдады. Партияның басты бағдарламасы ол қайта жаңғыру. Жалпы партияны жаңғырту жоспары қоғамды толғандырған өткір мәселелер мен партияға қатысты сыни пікірлерге талдау жасау негізінде әзірленді. Ал тиімділігін көрсеткен бұрынғы жобалар нәтижелі жұмысын жалғастырады. Президент еліміздің «Жаңа Қазақстанды» құру жөніндегі ауқымды міндетті орындауға кіріскенін мәлімдеді. Алдымызда мемлекетіміздің болашақ тағдырын шешетін аса маңызды жұмыс тұр. Оны ойдағыдай жүзеге асыру үшін жаңа мақсат-міндеттерімізді айқындап алуымыз қажет. Партия барлық реформаға ұйытқы болуға тиіс. Партияның жұмысында ашықтықты арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіледі. Мәжіліс және мәслихат депуттарының жауапкершілігі күшейтілуіне басымдықтар беріледі. Халықпен тығыз қарым-қатынасты орнату үшін мәслихаттар мен Парламент депутаттарының, басқа партия жетекшілерінің шалғай елді мекендердің тұрғындарымен тұрақты көшпелі кездесулерін өткізу тәжірибесі енгізіледі. Мұндай шаралар ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға, мәселелерді шешуді тездетуге және әлеуметтік шиеленісті азайтуға мүмкіндік беруі керек.

Саяси ұйымның атауын Аманат деп өзгерту ұсынылды. Әрине бұл атауды өзгерту үшін партия мүшелері мен халықтан ұсыныс жинақталды. «Аманат» сөзі еліміз, жеріміз үшін де, ұлтымыз үшін де айрықша мәні бар киелі ұғым. Егемендігіміз, елдігіміз бен бірлігіміз, кең байтақ жеріміз – бізге бабалардан жеткен аманат. Осы қастерлі құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап, болашаққа мирас етуіміз керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Халық ұғымында "Аманатқа қиянат жасалмайды", аманатты сақтаушы мемлекет мүддесіне адал азаматтар. Бұл - Жаңа Қазақстанды құру жолындағы жаңарған партияға берілген айрықша жауапкершілік пен көрсетілген зор сенім деп есептеймін.

Қожахметова Гаухар,
ҚР Журналистер Одағының мүшесі

01 наурыз 2022 ж. 185 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930