» » Қызылорда: Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылы жабылады

Қызылорда: Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылы жабылады

Ертең, 15 наурыздан бастап Қызылорда қаласындағы Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылы жабылады.

Қала әкімідігінің хабарлауынша Арай-3 тұрғын ауданына мектеп салынбақ. Сайда орналасқан жер учаскесін «Сырдария» өзені табанынан шыққан құммен толтыру жұмыстары жүргізіледі.

Сол себептен Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылымен (Арай-2 тұсынан және «Арай-Шұғыла» тұрғын ауданына Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылынан кіретін жол аралығы) ауыр жүк көліктерінің үздіксіз қатынауына орай 1 ай мерзімге жол жабылады.

«Сабалақ, Наурыз, әуежай жолында орналасқан саяжай тұрғындары үшін қала орталығына Эдельвейс саяжайы арқылы сол жағалаудағы жаңадан салынған магистралды жолмен қатынауды ұсынамыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністікпен қарауға шақырамыз», – делінген қала әкімдігінің хабарламасында.


14 наурыз 2022 ж. 105 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 051

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30