» » Шетел валютасын сыртқа шығаруға шектеу енгізілді

Шетел валютасын сыртқа шығаруға шектеу енгізілді

 Қолма-қол шетел валютасын сыртқа шығаруға шектеу енгізілді. Ұлттық банк мемлекет басшысының тыйымына қатысты түсініктеме берді.

«Бүгінгі таңда сыртқы күйзелістер салдарынан қолма-қол шетел валютасына сұраныс артқаны байқалады. Екінші деңгейлі банктерде шоттардағы, депозиттердегі және бағалы қағаздардағы қалдық түріндегі өтімді валюталық активтердің жеткілікті көлемі бар. Соған қарамастан, қолма-қол шетел валютасына деген сұранысты қанағаттандырып отыр», – делінген банк жариялаған ақпаратта.

Қолма-қол шетел валютасын басқа елдерден Қазақстанға жеткізуде логистикалық қиындықтар туындап отырғаны айтылған.

«Қаржылық тұрақтылыққа төнетін қатер мен алыпсатарлықты азайту үшін үкімет пен Ұлттық банк ұсынысы негізінде президент жарлығымен Қазақстаннан валютаны алып шығуға шектеу енгізілді», – деп жазылған Ұлттық банк сайтында.
  1. 10 000 АҚШ долларынан асатын қолма-қол шетел валютасына және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын;
2. Тазартылған алтынның 5, 10, 20, 50 және 100 грамм алтын құймалары және Ұлттық банк шығарған алтыннан, күмістен жасалған инвестициялық монеталарына, сондай-ақ салмағы 100 грамнан асатын тазартылған алтынды сыртқа шығаруға тыйым салынды.
Қабылданған шаралар қолма-қол шетел валюталарының шектен тыс сыртқа шығып кетпеуін бақылауды, Ұлттық банктегі резервтердің сақталуын, сондай-ақ жинақ құралдарын әртараптандыруды қамтамасыз ететіні жазылған.
15 наурыз 2022 ж. 76 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 773

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930