» » Egov mobile қосымшасын интернетсіз-ақ пайдалануға болады

Egov mobile қосымшасын интернетсіз-ақ пайдалануға болады

Электрондық үкіметтің смартфонға арналған қосымшасының жаңа нұсқасы жарық көрді. Мұнда eGov.kz порталының халық арасында жоғары сұранысқа ие болған 20 мемлекеттік қызметі топтастырылды.

Электрондық үкіметтің ин­фо­ком­муникациялық инфра­құрылымына жауапты «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ екені белгілі. Осы ұлттық опе­ратордың қоғаммен байла­ныс басқармасы таратқан мәлі­метке сүйенсек, eGov mobile қосым­ша­сында қазірдің өзінде 400-ге жуық мемлекеттік онлайн қызмет пен сервис бар. Енді 2022 жылдың соңына дейін онлайн алуға болатын мемлекеттік қызмет көле­мін 80%-ға жеткізу жоспарланып отыр.

Ал дизайны өзгерген мобильді қосымшаның жаңартылған нұс­қасы интернетсіз-ақ жұмыс істей береді. Ол үшін алдымен «Цифрлық құжаттар» сервисіне ЭЦҚ кілті арқылы тіркелуден өту керек.

«Бүгінде eGov mobile мобиль­дік қосымшасындағы «Цифрлық құжаттар» сервисі 18 құжаттан тұрады. Атап айтқанда, жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, вак­цина­лау паспорты, ПТР тест және туу туралы куәлік және т.б. Іске қосылған сәттен бас­тап тек «Цифр­лық құжаттар» сер­­висі 47 млн-нан астам рет пай­­­да­­ла­нылды. Қазіргі интерфейс бұ­рын­ғыдан да ыңғайлы. Аза­маттар қажетті мемлекеттік қызметті интернет ұстамайтын жерде де қолдана алады», дейді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.

Қосымшаның жаңа нұсқасы­на eGov.kz порталының 20-дан ас­там мемлекеттік қызметі енгізілді. Соның ішінде Қазақстан аумағын­дағы жылжымайтын мү­лік объектілерінің мекенжайын ай­қындау бойынша анық­тама беру, қорғаншылық және қам­қор­шылық жөнінде анық­тамалар, ҰОС қатысушысы куә­лігі, тағы басқа да құжаттарды цифр­лық нұсқада алуға болады.

Жаңартылған нұсқаға «Өмір­лік жағдайлар» атты жаңа бөлімі қосылды. Онда белгілі бір тақырып бойынша пайдалы ақ­параттар жи­нақ­талған. Бұл сервис мем­лекет­тік қызметтерді алуға өтінім беру және ақпаратты іздеу үшін уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ жұртшылық тапсырыс берген цифрлық құжат­та қандай да бір қате мәліметтер анық­талса, ол туралы тиісті меке­мені хабардар ете алады. Осыған арналған «қате туралы хабарлау» батырмасы іске қосылды. Өтініш беру тетігі e-Otinish арқылы мем­лекеттік органға жолданады.

«Биыл «ҰАТ» АҚ Мемлекет бас­шысының құжаттар айналы­мын­дағы қағазбастылықты азайту тапсырмасы шеңберінде «Цифр­лық мәліметтер» сервисін іске қосуды жоспарлап отыр. Онда азаматтар анықтамаларды неғұрлым ыңғайлы әрі жылдам тәсілмен ала алады. Құжаттарды тиісті жерге электрондық пошта, мессенджер немесе QR код арқылы жібере алады. Бір сөзбен айтқанда, анықтамаларды қағаз түрінде басып шығарудың қажеттілігі болмайды», деді Р.Коняшкин.

Egov mobile мобильдік қосым­шасының жаңа нұсқасын App Store платформасында және Play Market пен App Gallery арқы­лы жүктеп алуға болатынын естері­ңізге саламыз.

24 наурыз 2022 ж. 284 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930