» » Жалағаш пен Сырдария аудандарына қызметтік іс-сапармен барды

Жалағаш пен Сырдария аудандарына қызметтік іс-сапармен барды

Жақында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Әлімқұлова Ғалия Убайдуллақызы және Жалағаш аудан әкімі орынбасары Шамұратов Пакуатдин Сыражадинұлы аудандық актив және қоғамдық кеңес өкілдерімен аудан әкімдігі ғимаратында жүздесуімен іссапар өз бастауын алды.

Жалағаш аудан әкімі орынбасары сыбайлас жемқорлық профилактикасы күн тәртібіндегі мәселе екенін атап өтіп, ауданда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы өз баяндамасымен таныстырды.

Кейінгі кезекте Ғалия Убайдуллақызы және Сырдария ауданының әкім орынбасары Нұртазаев Талғат Мейрамханұлы аудандық актив пен кеңес өкілдерімен аудан әкімдігі ғимаратында кездесу өткізді.

Сырдария аудан әкімі орынбасары өз өңірінде әр түрлі саладағы туындайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы адалдық қағидаларын қалыптастыру мәселелері және сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту, оның алдын алу жұмыстарын тиімділігін арттыру жайлы баяндама жасады.

Кездесулер барысында, 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлық мүмкіндіктерін барынша азайтуға, сыбайлас жемқорлық үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз етуге, азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға одан әрі ауқымды тарту жөнінде шаралар қабылдауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты мониторингтеуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған нақты реформалар мен жобаларды қамтитын 6 міндеттер блогы сөз етілді.

Аудандық іс-шараларға департамент спикерлері пулы мүшесі “Әділдік жолы” РҚБ-нің Қызылорда облыстық филиал басшысы Ляззат Бактибаева, Превенция басқармасының бас маманы Тұраров Рашид Ғаниұлы, жергілікті билік, құқық қорғау және орталық атқарушы орган басшылары, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
25 наурыз 2022 ж. 79 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 773

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930