Елімізде ұн мен астық экспортына шектеу қойылады
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев ұн мен астық экспортына шектеу қою туралы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазір астық экспортына да, ұн экспортына да шектеу енгізу мәселесі пысықталуда. Ресей Федерациясы бидай экспортына және астық экспортына уақытша тыйым салды. Ішкі нарық үшін бізде тұтыну жеткілікті, экспортқа әлі де орташа жылдық көлем деңгейінде қалады», деді Ербол Қарашөкеев.
Оның айтуынша, экспорттаушылар астықты ішкі нарыққа сатқысы келмейді.
«Біз бәрінен хабардармыз. Егер биржалық бағаны алсақ, мұның бәрі күн сайын өсіп келе жатқанын көруге болады. Сондықтан ұнды қайта өңдеушілер мен астық өндірушілер арасында сәйкессіздік бар», деді министр.
Ол төтенше жағдай бола қалса азық-түлік корпорациясында ұн қоры жеткілікті деп сендірді.