» » «Дикий Арманды» қамауға алу мерзімі ұзартылды

«Дикий Арманды» қамауға алу мерзімі ұзартылды

«Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевті қамауға алу мерзімі тағы екі айға ұзартылды.

«4 сәуірде Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Арман Жұмагелдиевтің қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын 2022 жылдың 7 маусымына дейін ұзартты», – деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.

Бас прокуратура мәліметінше, Арман Жұмагелдиев бірнеше бап бойынша күдікке ілінген.

ҚК 287-бабы, 4-бөлігі «адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен немесе бiрнеше рет қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру»;

ҚК 272-бабы , 2-бөлігі «Күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлiктi жоюмен, атыс қаруын, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен, сондай-ақ билік өкiлiне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражатты пайдалана отырып жаппай тәртiпсiздiкке қатысу»;

ҚК 126-бабы, 3-бөлігі, 3-тармақшасы «Адамды бас бостандығынан заңсыз айырып, абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соғу».
05 сәуір 2022 ж. 82 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 773

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930